Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Актер ауруханадан сурет жариялаған."Операцияға дайындап жатыр", - деп жазды ол.Айта кетейік, бұған дейін ол дертке шалдыққанын жазған еді."Биылдыққа 5-рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант "соямыз" деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді", - деді ол.Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер оның жүрегіндегі ақауды зерттеп, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеген."Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса, заманауи аппараттарымен емдейді", - деді өнер иесі.