Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен Ербаян Мұхтар ауруханада 5 айдан бері ес-түссіз жатыр

Былтыр мамырда Отан алдындағы борышын өтеуге кеткен Ербаян Мұхтар ауруханада 5 айдан бері ес-түссіз жатыр.Ата-анасына сарбаз дәретханада құлап, ауыр жарақат алды деп түсіндірген. Ал Ербаянның жақындары бұған сенбейді. Әділдік іздеп жүр. Ербаянның анасы әскерге кеткенде ұлының денсаулығында мүлде кінарат болмағанын айтады. Оның дәретханада құлап, жарақаттанғанына сенбейді. Гүлсім ҚАМИЕВА, САРБАЗДЫҢ АНАСЫ:Осыдан 6 ай бұрын, 2023 жылы 4 желтоқсанда баламнан хабар келеді. Балаңыз ауруханада жатыр деп. Бірақ сенбедім баламның ауруханаға түскеніне. Өйткені ол бала кішкентай кезінен ауырып-сырқап ауруханаға түспеген. Ауыр жарақаттан комаға түскен сарбаз 19 күннен соң көзін ашыпты. Дәрігерлер оны шамамен екі аптадан соң жай палатаға ауыстыра беруге болатынын айтыпты. Алайда, Ербаянды әскери госпитальға ауыстырған. Инга ИМАНБАЕВА, АДВОКАТ:Әскерилер рұқсатсыз баланы азаматтық емханадан, әскери емханаға ауыстырып, операция жасап, миының бір бөлігін алып тастайды. Не үшін? Неге? Ата-анасынан рұқсат алмайды. Жігіттің жақындары оның денсаулығына алаңдап отыр. Әлі күнге дейін ол ес-түссіз жатыр. Әлия ӘБЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жаңа ғана консилиум болып, консилиумның шешімі бойынша неврология бөліміне ауыстыруға келісім шығардық Бұл жағдайға қатысты іс қозғалған. Бірақ, тоқтап тұр. ҚР Ұлттық ұланының “Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі: Осы факті бойынша әскери полиция қызметі Қазақстан Республикасы ҚК 440-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша (әскери қызметшілер арасында бағыныстылық қатынастары болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу) қылмыстық істі тергеп-тексеруде. Қазіргі уақытта кешенді сараптама тағайындалуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылды.Жас сарбаздың туыстары әділдік орнаса дейді. Кінәлілердің жазалануын талап етіп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бал ашуға тыйым салынады: Мыңдаған көріпкел мен емшілер құрықталды
Маңғыстау облысы 2024 жылды оң нәтижемен қорытындылады
Қостанайда сырғанақ тепкен 5 бала ауруханаға жеткізілді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті