Отандастарымыздың дәмханаларға жұмсайтын шығыны бірден 48 пайызға көбейді

Жәрдемақы өскеніне бәрі балаша қуанды. Бірақ үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Сырттан тамақтанып, шығынға бататындар күрт көбейді. Толығырақ экономика топтамасында. Отандастарымыздың сыртта тамақтануға жұмсайтын шығыны күрт көбейді. Бірден 48 пайызға артқан. Мәселен, 2022 жылы бір отбасы дәмханадан ас ішу үшін 50 мың теңге жұмсаса, былтыр 75 мың теңге шығындалған. Абай облысында бір отбасы орта есеппен 38 мың теңге жаратса, Маңғыстау облысында 5 есеге артық – 203 мың теңгеге жуықтайды. Астанада 145 мың теңге кетсе, Алматыда 91 мың теңге, ал Шымкентте небәрі 36 мың теңгеге тамақтануға болады. Мамандар шығынның өсуіне бағаның көтерілуі себеп дейді. Тамақ құнының қымбат екенін әлемдік статистика да растайды. Мейрамханада тамақтану бағасы бойынша рейтингте Қазақстан 42-орында тұр. Қонақтар орташа есеппен кешкі асқа 9,1 доллар төлейді. Ресей бұл рейтингте 55-орында, кешкі ас құны 7,6 доллар, ал Өзбекстан 72-орыннан көрінді, мұнда бар болғаны 5 долларға ауқаттануға болады. Қазір мобильді интернетсіз бір күн жүрудің өзі қиын. Жұмыстың барлығы желіге байланған. Дүкенде төлем жасау үшін, тіпті такси қызметін пайдалану үшін де интернет керек. Отандастарымыз былтыр 5 млрд гигабайттан астам мобильді интернет-трафигін тұтыныпты. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 пайызға, ал соңғы 10 жылда 107 есе өсті. Басым бөлігі әлеуметтік желіге жұмсалғаны жасырын емес. Бұрынғыдай бір-біріне СМС жіберетіндер жоқтың қасы. Абоненттер өткен жылы 280 мың хабарлама жіберген. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 60 пайызға аз. Елімізде алимент төлеуден жалтарғандардың қарызы 14 млрд теңгеден асқан. 12 мың адамның 8 мыңы ғана бұрынғы отбасы алдындағы қарызын төлеп жүр. Ал қалған 4 жарым мыңы баласына көмектесуден бас тартып, соқыр тиын да бермеген. Ата-аналық міндетін орындамай жүргендердің 97 пайызы - ер-азаматтар, 3 процентке жуығы — безбүйрек ана. Перзентінің алдындағы берешегін өтемей жатқан 7882 борышкерге ел аумағынан шығуға уақытша тыйым салынған. Жауапты орган өкілдері берешекті өндіру мақсатында тәртіп сақшыларымен рейд жүргізіп, алимент төлемеген 421 адамның көлігін айып тұрағына қойған. Осы тәсіл арқылы 300 млн теңге өндіріліпті. Валюта бағамына тоқталайық. Доллар сәл қымбаттады. Қор нарығында көк қағаздың құны 444,1 теңге, Еуро - 482,5 теңге, Ресей рублі - 4,93 теңге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан
«Ең ауыр сәттен өттік»: балалы болуды армандап жүрген блогер қуанышты жаңалығын жеткізді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Маңғыстау облысында жаңа амбулатория ашылды
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды