Отандық 7 туроператор лицензияларынан айырылды

Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Туризм және спорт министрлігің баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Комитетпен Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылданды. Сонымен, төменде аты-жөні көрсетілген компаниялар алдағы 6 ай бойы азаматтарға туристік қызмет көрсете алмайды. - ЖШС Hajar.travel, БСН 220440022505, 16.11.2022 ж. № 22021332 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен; - Tanym Group ЖШС, БСН 220840042356, 26.01.2023 ж. 23002555 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен; - B&K Travel KZ ЖШС, БСН 170340030664, 03.08.2017 ж. № 17013918 лицензия Алматы қаласы туризм басқармасымен; - «ТВВ тур» ЖШС, БСН 970840000415, 10.09.2019 ж. № 19018684 Алматы қаласының туризм басқармасы; - LS tour kz ЖШС, БСН 180940004773, 18.09.2018 ж. № 18017327 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен; - «Бархатный сезон» ЖШС, БСН 110640003256, 11.02.2022 ж. № 22002714 лицензия Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасымен; - Sultan Hajj Travel ЖШС, БСН 160340008324, 14.02.2023 ж. № 23004269 Аталған туроператорлар қызметтің тиісті түрін/кіші түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамай отыр деп танылды. Қазіргі уақытта, «Е-лицензиялау» (e-licence.kz) мемлекеттік базасы» ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, көрсетілген тоқтата тұру мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады, - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
950 жылдық теңдессіз туынды
EURO-2026: Футзалдан Қазақстан құрамасы іАлбанияны жеңді
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды