Отандық дрон сынақтан сәтті өтті

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ жаңартылған үлгідегі «Шағала-М» ұшқышсыз ұшу аппаратының сынақ жұмыстарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.Отандық дронның тактикалық және техникалық сипаттамалары жақсартылып, жылдамдығы, әуеге көтерілуі және ұшу ауқымы кеңейді. «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов айтқандай, елімізде құрастырылған ҰҰА әмбебаптығымен ерекше. Мәселен, оны мұнай-газ, энергетика секторлары және азаматтық қорғаныста, оның ішінде іздеу-құтқару жұмыстарында қолдануға болады. Бұған қоса қазақстандық өнімнің төтенше жағдай кезінде тікұшақты алмастырып, мұнай және газ құбырларына, сондай-ақ электр желілеріне бақылау жүргізуде пайдасы көп. «Шағала-М» аппаратының артықшылығы оған ұшып-қону жолағы қажеті жоқ. Бағасы шетелдік аналогтармен салыстырғанда арзан. Аталған өнімді сату мәселесіне келсек, СТ–KZ және индустриялық сертификаттары мен патенті бар», - деді «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығының бас директоры Ғани Байсейітов. Бұл орайда биыл ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның әуе кеңістігінде Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жөніндегі ережені әзірлеп, соған сәйкес әуе кеңістігін пайдалану тәртібінен бөлек ұшу аппараттарын есепке алу, санаттарға бөлу мен дрондарға рұқсат құжаттарын беру жолдары қарастырылған. Бұдан басқа ұлттық компанияның авиациялық-оқу орталығында азаматтық мақсаттағы дрондар мен коптерлердің қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ұшқыштар мен механиктерді даярлау бағдарламасы іске қосылғанын айта кетейік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
16 желтоқсан Шымкенттік ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді