Енді отандық ғалымдардың зерттеу жұмыстары өндіріске енгізілсе, олар салықтан босатылады. Бұл жастарды ғылымға қызықтырудың бір тәсілі болмақ. Жалпы елімізде тәуелсіздік алған жылдармен салыстарғанда ғалымдардың саны екі есеге азайған. Олқылықтың орнын толтыру мақсатында біршама бастама қолға алынды.Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Тек ғылыми дәрежеге үстемақы алатын ғалымдарымыз ай сайын өзінің жалақысын. Енді тек ғылыми дәрежеге ғана емес, ғылыми атағына Ғылыми дәреже деген PGD ғылым кандидаты, ғылыми доктор деген сияқты ғой. Енді сол атақтарға қосымша профессор доцент дегендерге, ұстаздарға ай сайынғы үстемақы қосылып отыратын болады. Мақсат ЖАБАЛИН, ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазіргі заңды қарайтын болсақ, жас ғалым деген ұғым жоқ. Бірақ заңның ішінде бірінше рет қолданылады. Сонымен қатар министрлік жас ғалымдарға арналған гранттық қаржылар бөледі. Біздің президенттің сөзінде де жас ғалымдарға қолдау деген сөз қолданылады, бірақ заңда оның ұғымы ашық көрсетілмеген.