Отандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарды 101,5 %-ке асыра орындады

Биыл елімізде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі 82 млн тоннаға жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңнің нәтижесінен 8 процентке көп. Елдегі энергия нысандарының құрылысы мен оларды жаңғыртуға 146 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 19 млрд теңге – жеке инвестиция. Трансұлттық мұнай-газ корпорацияларының бұл бағамы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көрсетті, - дейді сарапшылар. Атап айтқанда, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманың тұрақтылығының дәлелі болды. Қазақстан энергетикасын дамытудың 2027-ші жылға дейінгі кешенді жоспары биыл бекіді. Осыған орай, ұзақ уақыт пайдаланылмай келген 19 жер қойнауы мемлекет меншігіне қайтарылған. Енді сол жерлерге толық геологиялық барлау жасау үшін аукцион өтеді. Қазірдің өзінде 9 млрд теңгенің 5 келісімшарты жасалды. Қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін көтерілді. Бұл энергия өндіруші ұйымдардың негізгі жабдықтарын реконструкциялауға мүмкіндік берді. Алдағы жылдары электр энергиясын өндіру сағатына 112,9 млрд кВт деңгейіне көтеріледі. 2023 жылы 64 млн тонна мұнай, 5,3 млрд текше метр газ экспортталды. Отандық мұнай өңдеу зауыттары жоспарды 101,5 процентке асыра орындады. Нәтижесінде 11,2 млн тонна мұнай өндірілген. ЗКТ: Инженер-геофизик Жәнібек Катренов Қазақстан мұнай-газының құнын көтеру үшін жаңаша зерттеу, барлау тәсілдерін меңгеру керек деп санайды. Жәнібек КАТРЕНОВ, ИНЖЕНЕР-ГЕОФИЗИК, «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Енді біз геологиялық барлауды жасап, жер қойнауына мұнай-газ қорларын қаншалықты қандай көлемде екенін білетін болсақ, соған қарай экономикалывқ болжамдар да жасай аламыз. Әлем бойынша АПЕК сияқты халықаралық ұйымдар регулияция жасайды. Және де бұрынғыдай жеңіл шығарылатын мұнай-газ жоқ. Қазір мұнай-газ кен-орындары тереңдеу және игеруге қиындау жерлерде орналасқан. 2023 жылы тарихта алғаш рет Қазақстан мен БАӘ-гі табиғи уранды жеткізу бойынша алғаш келісімшарт жасасты. Сондай-ақ ҚХР-ның энергетикалық компаниясымен де осы бағытта ұзақ мерзімді шартқа отырдық. Ал Батыс Қазақстан облысында табиғи газдың қосымша көзіне айналатын «Рожковское» ірі кен орны іске қосылды. 2040 жылға дейін мұнда 14,2 млрд текше метр шикі газ бен 7,1 млн тонна конденсат өндіру жоспарланып отыр. Кен орнын игеру ҚР Ұлттық қорын 500 млрд-тан астам теңгеге толықтырады. Ал жергілікті бюджетке 110 млрд теңге түседі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды