Отасқанына 14 жыл болған азамат әйелін өзге еркекпен шатастырып алды

Еліміздегі тойлардың бірінде асаба той қонақтарын ойынға қатыстырды. Көпшілікті күлкіге қарық қылған бейнежазба TikTok әлеуметтік желісінде көп қаралым жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Асаба тойға келген бірнеше ер азаматты жинап, олардың әйелдерін бірдей жасыл түсті мантиямен жасырды. Ойын шарты бойынша әр ер азамат өз әйелін қимыл-қозғалысынан танып, табуы керек. Ойын ерлі-зайыптының бір-бірін қаншалықты жақсы білетінін көрсетеді. Алғашқы болып Тимур есімді азамат бақ сынап көрді. Айтуынша, әйелімен отасқанына 14 жыл болған. Ер азамат алдында жасыл мантиядағы бес әйелдің арасынан бесінші нөмірді таңдады.Асабаның: “Таңдауыңыз неге бесінші нөмірге түсті?” деген сауалына ол: “Іс-қимылынан білдім, жүрегіммен сездім” деп жауап берді. Асаба “Бесінші нөмірдегі жанның есімі Жаннұр екені рас па?” дей бергені сол еді жасыл мантияның үстіне киген мүлде әйел емес, еркек боп шықты. Ер азаматтың жүрегімен сезгені өзге еркек екенін көргенде той қонақтары да, желі қолданушылары да қыран-топан күлкіге кенелді. Ал қате таңдау жасағанын түсінген азамат ыңғайсыз жағдайға қаолды. Желідегілер жазбаның астына түрлі пікір қалдырды, арасында тіпті ер азаматтың таңдауын ақтап алмақ болғандар да табылды. “Жүрегің алдады”, “Әйелі керемет екен”, Болар деп ешкім күтпеді”, “Жүрегің сезгіш екен”, “Жаннұр күйеуінің бұл қателігін өмір бойы бетіне басатын болды”, “Бастысы өзге әйелді таңдаған жоқ қой”, – деп жазды желі қолданушылары.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бұл масқара". UFC Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Оралда көктемгі тасқын: ТЖМ мәлімдеме жасады
Қарағандының белгілі ұстазы рамазан айында дүниеден өтті
Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшарт жасасты
Павлодар қаласында жарты күн жарық болмайды
Трамп Тегеранға қандай хат жолдады: талап әлде татулық?
Оралда көктемгі тасқын: ТЖМ мәлімдеме жасады
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
«Болашақ күйеуіңізге қандай талап қоясыз?». Сабина Алтынбекова көптің көкейіндегі сауалға жауап берді
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Испания БҰҰ-ның бұрынғы басшысын жемқорлық ісі бойынша қамауға алды
Тұман, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысында боранды түнде 170-тен аса ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды