Белгілі айтыскер ақын Сара Тоқтамысова “Ұйқым келмейді” шығармашылығындағы күйеуінің рөлі жайлы ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Өнердің тізгінін ұстаған әйел адамды бірінші жолдасы қолдамаса, өнері де, кәсібі де түк емес. Сен өнерде жарқырап тұрып, үйде күйеуің тоқпағын ойнатып, аузына келгенін айтып, мысыңды басып отырса өне өнер бола ма? Күйеуің қолдамай отырса, басқалардың мақтағаны не керек? Сондықтан өнер жолындағы адамды алса, ол - жауапкершілік. Екеуіміз отау құрғанда, ол - 28 жаста, мен - 22 жаста болдым. Ақыл толысқан, кемелденген жас қой. Менің жарқырап жүруім мен сахнаға тайсалмай шығуымда күйеуімнің орыны ерекше. Оның үстіне айтыс адамдары бірде былай, ауа райы секілдіміз ғой”, – дейді Сара Тоқтамысова.Айтыскер күйеуін көпшілікке таныстырған сәтін еске алды. “Бірде Айбек Қалиевпен айтыстым. Сол кезде: “Тастанбектің қызы Сара Біржан салдың алдында күйеуінің бүкірлігінен жеңіліп қалды. Осы ғасырдың Сарасы, тұрмысқа шыққан екенсің. Күйеуіңді көрсет” деді. Сондан күйеуімді ортаға шақырдым. Менің күйеуім сахнаның адамы емес. Ол анадайдан шықты да, біресе Жүрсін ағаның қолын, біресе Айбектің қолын алады. Сөйтіп сахнада тұрып қалды. Содан үйге келгенде: “Cен қорықпайсың ба? Сенің өнер жолың қиын ғой. Мықты екенсің. Сені екі есе түсініп кеттім” деді. Түсінген азаматттың арқасында ғой. Кез келген жерде қолпаштап отырса, қанаттанамын”, – дейді айтыскер ақын.