"Отау құрғанымызға 27 жыл": Жазира мен Жанболат махаббатты сақтаудың құпиясын айтты

Отандық танымал жұлдызды жұп Жазира мен Жанболаттың биыл отау құрғанына 27 жыл болған. Өнерлі отбасы "Жарқын жүздесу" бағдарламасында шаңырақты берік ұстаудың, махаббатты сақтаудың құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Екеуіміздің отау құрғанымызға - 27 жыл, ал танысқанымызға - 29 жыл болды. Жазира екеуіміз отбасы құрып, қиын кезеңнен бірге өттік. Сол ащы мен тұщыны бірге көргеннен болу керек, махаббатымыз сақталды. Маған осындай жар бергеніне шүкір. Жазираны бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін жақсы көретінін білемін", - деді Жанболат Ербатыров. Ал Жазира Байырбекова күйеуінің жақсы қасиеттерін атап өтті. "Жанболат кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Тұрмысқа шыққанда Жанболат ештеңе уәде етпеді. Оның анасын сыйлайтыны мені баурап алды. "Осындай азаматтан туған бала да мені сыйлайтын болады" деп ойладым", - деді Жазира Байырбекова. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
«Барыс» қатарынан жетінші мәрте жеңілді
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты