OTAU TV операторы желілік хабар тарату тізімінен ресейлік телеарналары алып тастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tv-com.kz."Жаңа жылдан бастап компания басшылығы жаңалық тарататын шетелдік арналардың үлесін біртіндеп қысқарту туралы шешім қабылдады. Оның орнын ойын-сауық, фильм және танымдық сипаттағы рейтингі жоғары телеарналар басады. Оның ішінде қазақстандық телеарналар да бар: тек биыл TVCOM пакетіне 19 қазақстандық телеарна қосылды", - деп жазылған хабарламада.