«Отбасым - бақыт мекенім». Астанада осындай атаумен ерекше шара өтті. Отбасы және балалар күніне арналған шараға қырықтан астам жанұя қатысты. Ата-аналар балалардың өнерін тамашалады. Мерекені ұйымдастыруға «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ұйытқы болды. Басты мақсат көңіл күй сыйлап, әлеуметтік осал топтағы жандарға қолдау көрсету. Бақтияр АЙТБАЕВ, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫ ИНСТИТУТЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біздің ұйым өмірлік қиын жағдайларға ұшыраған жандарға көмек беру, көңіл күйін көтеру мақсатында мерекеге орай ұйымдастырып жатырмыз. Бір жағынан бұл психалогиялық тұрғыдан қолдау деп ойлаймын. Айнұр ЖАКАШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осындай ұйымдар көп болсын,қуаныштымыз!Көп балалы аналарға көп көмектерін тигізіп,қандай қуаныш болса да бірігіп осы уақытқа дейін бірге жұмыс істеп жатырмыз.