Қаржы нарығын реттеу агенттігі еліміздегі банктерді тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қосуды ұсынды Бұл туралы 24.kz хабарлады. Бүгінде жүйеге тек «Отбасы банкі» қосылған. Сондықтан аталған банктің салымшылары 3,5-5% аралығында ипотека ала алады. Ал басқа банкте мұндай төмен пайызбен пәтер алу мүмкін емес. Агенттіктің ұсынысы қолдау тапса, қазақстандықтар өзіне қолайлы кез келген банкті таңдай алады.