"Отбасылық досымыз қызыма донор болып, үміт сыйлады", - тұрғын

Елде донор тапшы. Қазір 4 мыңға жуық адам күту парағында тұр. Оның 113-і - бала. Науқастарға әсіресе бүйрек, жүрек және бауыр керек. Жыл сайын олардың тек жүзге жуығына ғана операция жасалады. "Бұл - ең төменгі көрсеткіш" дейді дәрігерлер. Салдарынан орган трансплантациясына мұқтаж жандардың 10 проценті кезегі жетпей көз жұмады.Кішкентай Әсияға дәрігерлер 2 айлығында «бауыр церрозы» деген диагноз қойған. Оны емдеу үшін арнайы қор ашылып, 40 млн теңге жиналды. Көптің көмегімен бүлдіршін емделу үшін Түркияға барды. Ондағы дәрігерлер бауыр трансплантациясын жасау туралы шешім қабылдайды. Әкесі мен анасының қан тобы сәйкес келмегеннен кейін өзге донор іздеуге мәжбүр болған. Осы кезде Әсияның әкесінің досы өз еркімен бауырын беруге келіседі. Ұлбосын ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ӘСИЯНЫҢ АНАСЫ: Әсияның жанында болды дайындыққа дейін. Бекарыстанға алғысымызды білдіреміз, әлі күнге дейін ризашылығымыз шексіз. Айтамыз ғой, "Әсия екеуің бірсіңдер, сен не, Әсия не, екеуің бірдейсіңдер" деп айтамыз ғой. Папасы кейде әңгіме қылады, "өзің оқытасың, өзіңнің қызың" деп. Біз өмірге әкелгенмен, екінші рет өмірге келуіне себеп болған - Бекарыстан. Әсияның әкесі Уәлихан мен Бекарыстан студенттік шақта танысқан. Қазір отбасылық достарға айналды. 4 айлық бүлдіршінге екінші өмір сыйлаған донордың қазір жағдайы жақсы. Тұрақты тексеруден өтеді. Ол бұл қадамға бару үшін көп ойланбағанын айтады. "Нәрестенің өмірін сақтап қалуға тамшыдай болсын қол ұшымды соза алсам - мен үшін бақыт" дейді. Бекарыстан АМАНЖОЛОВ, ДОНОР: Мен де әкемін, менің де балам бар. Сондықтан ойланбадым. Одан әрі, дәл отаға баратын күні қорқыныш болды. Негізі ота 17-і болу керек болды. Оны 10 күнге шегеріп, түнгі сағат 1-де хабарласып, ертең таңғы 8-де ота деген кезде басымнан жәй түскендей болды. Аржағы енді, 1,5-2 айдай қиындықтар болды. Жүруде, қозғалуда, тағысын тағы. Әлі де белгілі-бір шектеумен жүрмін. Қазір Әсия секілді кезекте тұрған науқас көп. Оның 3574-і - бүйрекке, 178-і - бауырға, 16-ы - өкпеге, 146 -ы жүрекке мұқтаж. Бәрінің тілегі бір. Олар тек донордың тезірек табылғанын қалайды. Әйтпесе бүгін-ертең о дүниеге аттануы мүмкін. Мақсат ДОСХАНОВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ХИРУРГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ГЕПАТОПАНКРЕАТОБИЛИАРЛЫ ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ БАУЫРДЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Күту қағазында тұрғандардың саны өте көбейіп бара жатыр. Бірақ мәйіттік донорлардың саны аз, оған қарамастан. Соған байланысты біздің науқастардың көпшілігі не өлім оларды күтіп отыр немесе олар өздігінен қаражат табу арқылы шетелдерге барып, ағза ауыстыру оталарын жасатып келіп жатыр. Дінде донор болуға рұқсат берілген. ҚМДБ ғұламалар кеңесі арнайы пәтуа да шығарды. ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ: Трансплантация жасау, яғни бір адамның (тірі болсын, мейлі өлі болсын) кейбір ағзаларын екінші бір адамға ауыстырып, қондыру рұқсат етіледі. Алайда, бұл амал адамды қорламайтын дәрежеде және белгілі бір шарттары толық орындалған жағдайда ғана рұқсат болып табылады. Мамандар донор тапшылығын - мәйіт ағзасын алу арқылы азайта аламыз дейді. Бұған дейінгі «Денсаулық» кодексінде қайтыс болған адамның дене мүшесін еш сұраусыз ала беруге болатыны көрсетілген еді. Бірақ қазақы қалыпқа сай дәрігерлер қаза болған адамның туыстарынан рұқсат сұрап келген. Десе де заңдағы бұл тәртіп қоғамның қарсылығын тудырды. Сондықтан құжаттың жаңа жобасы әзірленді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер іске қосылады
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн
Өзбек боксшысына кеткен "алтын" қазаққа қайтты
Маятниктік миграция
Әл-Фараби БОЛАТЖАН, дінтанушы: «Зайырлылық – қауіпсіздік кепілі»
Мүмкіндігін жіберіп алғандар үшін тағы бір мүмкіндік
Алматыда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азамат қайта қамауға алынды