"Отбасылық өмірден 13 жыл тәжірибеміз бар": Ғаділбек Жаңай жеке өмірін желіде неге жиі көрсетіп жүр

Хит әндерді орындаушы Ғаділбек Жаңайдың ең үлкен арманы не? Әнші соңғы кездері жеке өмірін халық назарынан тыс қалдырмай, желіде жұбайын неге жиі көрсетіп жүр? Бұл сұрақтардың жауыбын әнші KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында ашылып айтып берді. Ғаділбек мырза, сұқбаттасудың реті түскеніне қуаныштымын. Менің көптеген әріптесім сіз сұқбат бермейді дейді. Журналисттерге өкпелісіз бе? Әлде сұхбат бермеймін деген принцип бар ма? Ешқандай принцип емес. Ренішім де жоқ. Сұқбаттасуға келген журналисттердің бетін қайтарған емеспін. Мүмкін сол өкпелеп жүрген жандарға сұқбат берудің сәті келмей жүрген шығар. Ендеше әңгімені шығармашылық жаңалықтармен жалғайықшы. Қандай сүйінші жаңалықтарыңыз бар? Жауап таппай ұялып кеттім ғой. Көптеген тыңдармандар "қашан жаңа әніңіз шығады?" деп сұрайды. Бірақ сөредегі затты алып, ұнамаса орнына қоя салатын дүние емес. Қазір үлкен ізденісте жүрмін. Бірнеше ән жазып, дайындап қойдым. Алайда соны халықтың алдына шығаруға жүрексініп жатырмын. Халыққа пайдалы, дұрыс дүние бергім келеді. Қазір көптеген әріптесіңіз өздерінің актерлік бағын сынап жүр. Сіздің де әртістік қабілетіңіздің мықты екенін білеміз. Киноға түсуге шақырса барар ма едіңіз? Мен барар едім. Мен киноға қатты түскім келіп жүр. Киноға шақырса, тегін түсуге де дайынмын. Таныс кастинг директорларына, кино түсіріп жүрген таныстарыма да айтып жүрмін. Рөл таңдамаймын, кішкентай бір эпизод болса да түсінемін. Бірнеше жыл бұрын "жеке өмірді ешкім көрмеуі керек. Ол сонысымен жеке болады. Халық тек өнеріме баға берсін" деп сұқбат берген едіңіз. Қазір жеңгемізді Instagram -нан жиі көреміз. Жеке өмір туралы пікіріңіздің өзгеруіне не себеп болды? Осы сұрақты маған көп адам қояды. Біз 2011 жылы үйлендік. Отбасылық өмірден 12-13 жылдық тәжірбиеміз бар. Сол тәжірибені бөлісіп, жаңа үйленіп жатқан жастарға үлгі болсын деген мақсатпен ғана көрсетемін. Ал Instagram-да оқырман тартып, лүпіл жинау деген жоспарым жоқ. Ғаділбек Жанайдың бала тәрбиесіндегі басты қағидасы қандай? Менің түсінгенім бірінші Алладан күні-түні перзенттеріміздің саналы, иманды, өмірлерінің жарқын болуын тілеуіміз керек. Ал, енді ата-ана ретінде баланың өзіне ұнайтын бағытты, талантты дамыту қажет деген ұстаныммен өмір сүрем. Тіпті, мектепте кей пәндері нашар баға болса "неге сондай төмен баға? Кәне, қосымша сабақтарға бар" деп қинамаймын. Бала өзіне ұнайтын салаға фокус қоюы керек. Сол дарыны мен білім жеткен бағытта дамытуды біз ата-аналар материалды, моральды қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл - жеке менің пікірім әрі позициям. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысында 10 мың адамды жылытуға қауқарлы пункттер іске қосылды
Бірінші арна кубогы: Қазақстан бүгін Ресей құрамасымен кездеседі
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Түркістан мен Жамбыл облыстарында жол жабылады
Инсульт алып, ауруханада жатқан зейнеткердің 13 млн теңгесі қолды болған
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді