Отбасылық зорлық-зомбылықтан зәбір көрушілердің 78%-і әйелдер

"Ұлды ұлша тәрбиелесең - ұл, құлша тәрбиелесең құл болады", деген дана халқымыздың сөзін қазір көбісі елей бермейтіндей. "Өзіміз де таяқ жеп өстік қой",- дейтін шығарсыз. Десе де мамандар қазіргі жастардың психологиялық тұрғыдан зорлық-зомбылыққа шыдай алмайтынын алға тартады. Ыдыс-аяқты да тура мағынасында сылдырлататын болдық. Жанжалдың соңы жұдырық көтерумен аяқталатыны жасырын емес. Таяғы балаға да тиіп жатады. Бірақ отбасылық зорлықтан жәбір көргендердің 60 проценті арызданбайды екен.Мұндай көрініске көз үйренгендей. Әлеуметтік желіде қаптап жүр. Жыл сайын тәртіп сақшыларына отбасындағы ұрыс-керіске байланысты 100 мыңнан астам шақырту түседі. Бұл қит етсе жанжал шығарып, жұдырық ала жүгіретіндердің көптігін аңғартады. Атын атамауды сұраған бұл азаматша отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Оның айтуынша күйеуі соққыға жығып, күн көрсетпеген. ЖӘБІРЛЕНУШІ: Үйден шықпайтынмын. Көшеге шықсам болмайды. Больницаға, дүкенге бармайтынмын. Ол негізі жұмыс істемейді. Егер жұмысқа кетсе ішіп келеді. И ұрады мені. Қазірде аяғым ауыр. Бірақ бала менен емес деп ұрады мені. Бәрі жақсы болады, семья болайын деп мен сонша шыдадым. Мен кетем десем қорқытатын. Зәбір көрушілердің 78%-і әйел адамдар. 10% -і балалар. Мамандар отбасындағы зорлық-зомбылықты көрген жеткіншек сыртта сол істі міндетті түрде қайталайды дейді. Зүльфия Омарова биылғы жылы дағдарыс орталығына келген аналардың саны жылдағыдан көптігін айтат. Зүльфия ОМАРОВА, ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРІ: Көп жағдайда бізде психологиялық тұрғыдан зардап шеккен қыз-келіншектер келіп түседі. Соңғы 2022 жылды алатын болсақ бізде 150 әйел, 379 бала келіп түскен. Яғни, 2023 жылдың қаңтар айы мен осы уақытты алатын болсақ алдыңғы жылғы көрсеткішке жетіп отырмыз. Жәбірленушілер полицияға тек өміріне не денсаулығына қауіп төнген кезде ғана жүгінеді. Ал құқық қорғау қызметкерлері оқиға орнына барған сәтте, ол агрессоға қатысты арыз жазудан бас тартады. Ренат ЗҰЛҚАЙЫРОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Ағымдағы жылы жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 26 мыңға жуық қорғау нұсқамасы шығарылды. Агрессорларға қатысты 17,5 мың әкімшілік хаттама сотқа жолданды. Сот шешімімен 4 мыңнан астам адам қамауға алынды, 3 мыңға жуық адамға ескерту жасалып, 543 адамға айыппұл салынды. Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ: Таяқ жеп, жәбір көргендер қызбалықпен осылай полиция шақырады. Келген кезде жұмған ауыздарын ашпайды. Сондықтан іс тіркелмейтін. Енді шілдеден бастап, көршіңіз шағымданса, бейнекамераға түсіп қалса яғни, қандайда бір айғақ болса бірден шара көріледі. Отбасын ойрандап, күш көрсетіп жүргендер осыдан кейін тәубесіне келер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Атышулы Майқайыңда тағы бір жұмысшы қаза тапты
Қарағандыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты басталды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Құлсарыда спорт мектебінің бухгалтері 55,3 млн теңгені негізсіз жұмсаған
Атырау облысында спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
Шымкентте дәрігерлер 70 жастағы әжейге ота жасап, аман алып қалды
Маңғыстауда «Ақтау – Бекет ата» жаңа туристік маршруты іске қосылды
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Полиция бір ай бұрын жоғалып кеткен өскемендік қызды іздестіру жұмыстарына қатысты түсінік берді
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті