Тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдарынан елімізде 69 әйел, 7 бала көз жұмған. Жантүршігерлік оқиға жыл өткен сайын көбейіп келеді. “Заңнамалық өзгерістер және қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру” тақырыбында дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланды. Жазаны қатаңдату қажеттігі айтылды. Ләззат РАМАЗАНОВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекеттің азаматтық қоғаммен жасалып жатқан жұмыстарының барлығының нәтижесі жаңа өзгерістер, заңнамаға кіретін бас қағидаттары осы саладағы қылмыстарды міндетті түрде заңды түрде қатаңдату жалпы ертеңгі күні зәбірлеуші білуі керек тұрмыстық зорлық-зомбылық болсын, баланың құқығына қарсы іс-әрекеттер болсын бұның барлығы мемлекет тарапынан қатаң жазаланады.