Мәскеуде дәрігерлер науқастың бауырынан эмбрион тапты. Әйел ішінің төменгі бөлігі ауырғаннан көмекке жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, әйел Кончаловский қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне денсаулығының нашарлығына шағымданған. Алғашқы ультрадыбыстық зерттеу кезінде дәрігерлер оның жатырдан тыс жүкті болған деп күдіктенген. Дәрігерлер шұғыл лапароскопия жасауды ұйғарған. Әйелде сирек кездесетін эктопиялық жүктілік жағдайына байланысты ішінде қан кеткен. Дәрігерлер мәскеулік әйелдің бауырында өлшемі үш-үш сантиметр болатын эмбрион түзіліп, ішкі органы жарылғанын анықтаған. Аурухананың бас дәрігерінің акушерлік және гинекология жөніндегі орынбасары Хелен Вартанян жатырдан тыс жүктілік кезінде эмбрион фаллопиялық түтікте қалыптаса бастайтынын түсіндірді."Біздің науқас сияқты бауырдағы жүктілік өте сирек кездесетін патология", - деді дәрігер.Мұндай жағдайларда эмбрионды сақтау мүмкін емес, өйткені бес-жеті апта ішінде ол жұқа капиллярлармен толып кетеді. Ал бұл жағдайда әйел көз жұмуы мүмкін. Дәрігерлер әйелге ота жасап, эмбрионды алып тастады. Ота сәтті өтті, ешқандай асқыну болмады. Науқас жетінші күні ауруханадан шығарылды.