Өткен бір жылда Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асты?

Өткен бір жылда Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы қалай жүзеге асты?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында жосықсыз монополистердің қызметіне жол бермейтін республиканы дамытудың жаңа экономикалық моделіне көшу туралы айтты.«Экономика демонополизацияланады, ал мемлекет бизнеске қатысуын айтарлықтай азайтады. Адал бизнеске бюрократиялық қысым азаяды. Біздің барлық күш-жігеріміз кәсіпкерлікті ынталандыруға және қорғауға бағытталатын болады. Заңсыз иемделінген және шығарылған активтерді елімізге қайтару бойынша жұмысты жандандырамыз. Олар халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады», — делінген Мемлекет басшысының бағдарламасында. Осылайша, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы экономикада адал және нақты ережелер орнатуға бағытталған. Атап айтқанда, мемлекет салық, бюджет, ақша-несие, тариф саясатын тең дәрежеде әрі ашық жүргізетін болады, сондай-ақ ішкі өндірісті, шикізаттық емес экспортты және т.б. ынталандырмақ. Осы бағыттарда және жалпы Қазақстан экономикасын дамыту бойынша бір жылда жүргізілген жұмыстар туралы Primeminister.kz редакциясының кезекті материалынан оқи аласыздар.  2022-2023 жылдары $41,3 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.  Өнеркәсіп салаларында орта және жоғары дәрежеде өңделген өнімдерді өндіруде пайдаланылатын базалық материалдар қажеттілігіне талдау жасалды.  Отандық өндірушілер мен өнеркәсіп-инновациялық қызмет субъектілері арасында шикізат жеткізу бойынша міндеттемелерді енгізуге бағытталған ҚР-ның «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңына түзетулер әзірленді. Бұл өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірісін қолжетімді бағада шикізатпен толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Өндірушіден тұтынушыға дейін тауарларды жеткізудің ашықтығын қамтамасыз ететін тұтас кешен болып отырған Ұлттық қадағалау жүйесі енгізілді.  Экономиканы демонополизациялау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Демонополизациялау жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелері бойынша республикалық меншікке қабылданды: ➢ ірі 14 акционерлік қоғам мен ЖШС-дағы акция пакеттері мен қатысу үлестері; ➢ 7 ғимарат, 162 теміржол мен теміржол нысаны; ➢ автомобильдер, ақшалай қаражат пен басқа да мүліктер.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық және саяси реформаларының жалғасы ретінде «Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Оның нормалары әкімшілік-билік ресурстарына иелік еткен немесе осындай қолдау алған олигополия субъектілеріне қатысты қолданылатын болады. Сондай-ақ адал инвесторлардың мүдделері толығымен қорғалатын болады. ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Заңсыз иемделінген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссия құрылды. Оның құрамына белсенді азаматтық позициясы бар қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары мен Үкімет мүшелері кірді. Бүгінгі таңда мемлекетке құны шамамен 1 трлн теңге сома болатын активтер қайтарылды. Оның шамамен $600 млн-ы басқа юрисдикциялардан қайтарылған. Мысалы, БАӘ-ден шамамен $15 млн, Австриядан $82 млн, Лихтенштейннен $260 млн, Гонконгтан $2 млн қайтарылды. Қазыналық саясатты қайта қарауға көп көңіл бөлінуде. Мәселен, жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленіп жатыр. Жұмыс тобына сарапшылар, экономистер және бизнес-қоғамдастық өкілдерінен 1 мыңға жуық ұсыныс түсті. Сонымен қатар «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселелері пысықталып жатыр. Мұндай мүмкіндікті қарастыру қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген.  Көлеңкелі экономиканың үлесін 2025 жылға қарай ЖІӨ-нің 15%-ына дейін төмендете отырып, ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне жеткізу қажет. 2022 жылы елдегі мемлекеттен жасырылған экономикалық қызмет көрсеткіші ЖІӨ-нің шамамен 18,7%-ын құрады (жоспар бойынша – 19,9%). Президенттің Сайлауалды бағдарламасында қойылған мақсаттарды орындау үшін Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары өзектендірілді. Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Кәсіпкерлерді көлеңкелі сектордан шығару үшін қолайлы бизнес-орта құрылуда.  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң қабылданды. Заң аясында борышкерлер үшін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған. Соттан тыс банкроттық рәсім банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздары бойынша келесідей шарттарда қолданылады: берешек 1 600 АЕК-тен аспаған жағдайда (2023 жылы 5 520 мың теңге); қарыз 12 ай бойы өтелмеген жағдайда; жеке мүлкі болмаған жағдайда; банкпен реттеу рәсімі жүргізілген жағдайда. Сот арқылы банкроттық рәсімі кредиторлар алдындағы берешек 1 600 АЕК-тен асқан жағдайда және берешектің барлық түрі бойынша қолданылады. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі сот арқылы берешекті 5 жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін алуды қарастырады. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесе әзірленіп, сот арқылы бекітіледі. Бұл рәсім түрінің ерекшелігі одан кейін борышкерге «банкрот» мәртебесі берілмейді, сондықтан борышкерге оның салдары қолданылмайды (5 жылға дейін банктер мен МҚҰ-дан несие алуға тыйым; банкроттықты тек 7 жылдан кейін қайта қолдану; «банкроттықтан» кейінгі 3 жыл қаржылық жағдайы тексеріледі). Бүгінгі таңда 11,3 млрд теңгеден астам сомаға 7,1 мың азамат банкрот деп танылды.  Тариф белгілеудің барлық процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделген тарифтік реформа басталды. Табиғи монополиялар саласын реттеудің әрбір кезеңі «Монополист» базасында цифрландырылған. Кәсіпорындардың сатып алулары да электрондық форматқа ауыстырылды. Қазақстандық тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалану жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып бақыланады. Егер тұтынушылардың құқықтары бұзылған болса, олар үшін уақытша өтемақы тарифтері енгізіледі, ал табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық тағайындалды
Түркістан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа бастық тағайындалды
  • Otyrar
Үкімет дұрыс шешім қабылдады – вице-премьер бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы
Үкімет дұрыс шешім қабылдады – вице-премьер бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы
  • halyq-uni
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
  • aqshamnews
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
  • aqshamnews
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
  • aqshamnews
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
  • aqshamnews
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
  • aqshamnews
  Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
  • aikyn
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
Әлемнің әр түкпірінен WhatsApp істен шыққаны туралы хабар тарап жатыр
  • Massaget
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
  • aqshamnews
Екібастұзда жылу желілерінің жарылуы салдарынан 10 жастағы бала күйіп қалды
Екібастұзда жылу желілерінің жарылуы салдарынан 10 жастағы бала күйіп қалды
  • Massaget
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды: қылмыстық іс қозғалды
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды: қылмыстық іс қозғалды
  • Massaget
Қарағандыда тұрғын үй өртенді
Қарағандыда тұрғын үй өртенді
  • baq.kz
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
  • aqshamnews
  «Зәкеңді жақсы көрген жоқпын, ғашық та болмадым»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (Видео)
«Зәкеңді жақсы көрген жоқпын, ғашық та болмадым»: Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды (Видео)
  • aikyn
СҚО-ның спортын кім басқарады? Үміткерлер анықталды
СҚО-ның спортын кім басқарады? Үміткерлер анықталды
  • el.kz
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
  • aqshamnews
Қазақ тілінде сөйлеп жүрген америкалық ару министрден марапат алды (ВИДЕО)
Қазақ тілінде сөйлеп жүрген америкалық ару министрден марапат алды (ВИДЕО)
  • sn.kz
Алматы облысында айыпталушы сот отырысы кезінде тамырын кесуге тырысты
Алматы облысында айыпталушы сот отырысы кезінде тамырын кесуге тырысты
  • turkystan
  «Тек екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз»: Азия чемпионатында қазақ боксшылары қалай өнер көрсетті?
«Тек екі салмақтағы нәтижемен келіспейміз»: Азия чемпионатында қазақ боксшылары қалай өнер көрсетті?
  • aikyn
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
  • aqshamnews
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
  • aqshamnews
Жел екпіні күшейеді: Құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Жел екпіні күшейеді: Құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
  • baq.kz
«Жақсы көрген жоқпын». Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке неліктен тұрмысқа шыққанын айтты
«Жақсы көрген жоқпын». Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке неліктен тұрмысқа шыққанын айтты
  • el.kz
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
  • aladop.kz
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
  • aladop.kz
Әбікен мен Исламхан «Қайсарға» ауысы мүмкін
Әбікен мен Исламхан «Қайсарға» ауысы мүмкін
  • aladop.kz
Чемпиондар лигасы ойындарын қайдан көруге болады?
Чемпиондар лигасы ойындарын қайдан көруге болады?
  • penalty
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
  • penalty
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
  • penalty
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
  • qaz365.kz
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
  • qaz365.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
  • sn.kz
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Алға» фильмі Ирандағы фестивальде екі марапатқа ие болды
«Алға» фильмі Ирандағы фестивальде екі марапатқа ие болды
  • el.kz
Оңтүстік Корея президентінің кеңсесіне тінту жүргізілді
Оңтүстік Корея президентінің кеңсесіне тінту жүргізілді
  • turkystan
Алматы облысында Еуразиялық логистикалық паркінің құрылысы басталды
Алматы облысында Еуразиялық логистикалық паркінің құрылысы басталды
  • almaty_tv
Елордада Алматының тарихи фотосуреттерінің үш күндік көрмесі ашылды
Елордада Алматының тарихи фотосуреттерінің үш күндік көрмесі ашылды
  • almaty_tv
«Су ресурстары маркетинг» мекемесін мемлекетке қайтару мәселесі бойынша талқылау өтті
«Су ресурстары маркетинг» мекемесін мемлекетке қайтару мәселесі бойынша талқылау өтті
  • Otyrar