Өткен жылы 38 000-нан астам алтын құйма сатылды

2023 жылы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 38 729 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық банкке сілтеме жасап.Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 5,4 тоннаға жуық 151 574 алтын құйма сатылды. Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. 2021 жылы сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие болған түрі – 100 грамдық құйма болды. Сатылған құймалар арасындағы оның үлесі – 28%, яғни, 10 910 дана. Одан кейін 5 грамдық құйма сұранысқа ие, 9 795 дана (25%) сатылды. 10 грамдық құймадан 9 409 дана (24%), 50 грамдық құймадан 4 818 дана (13%), 20 грамдық құймадан 3 797 дана (10%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Астана және Шымкент қалаларында көп сатылады. Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке сол мезетте төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады. Бағдарлама басталғалы екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктері жалпы салмағы 737 келі 28 156 алтын құйманы кері сатып алды. Бұл – жалпы сатылған құймалардың 19%-ы. Олар кері сатып алған алтын құймалардың барлығы дерлік Ұлттық Банктің филиалдары арқылы халыққа қайтарымсыз талаппен сатылады.Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған (құйманың айна беті, микротекст және жиегі бар) және арнайы қорапқа салынып шығады. Сол арқылы құйманың ашылған-ашылмағанын оңай тексеруге болады. Қорғап тұратын қорап, сондай-ақ сапа сертификаты болып саналады. Сондықтан, алтын құйманы ұқыпты сақтап, қорабын бүлдірмеуге кеңес беріледі. Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінен сатып алып, кері сатуға болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
Қазақстан-Британ техникалық университеті өртеніп жатыр
ҚБТУ-дағы өрт сөндірілді: оқиға орнынан суреттер
Тұман түседі: 12 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Астана әкімі қоғамдық көліктің жұмысы туралы айтты
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
ҚБТУ-дағы өрт бойынша жедел штаб құрылды
«Ниеттен басталады»: Ерке Есмахан шетелге шығудың құпия жолын айтты
Алматыда ҚБТУ ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Еріктілер коммуналдық қызметкерлері үшін акция ұйымдастырды (Видео)
Павлодар облысында қашып кеткен 15 қылмыскер шетелде ұсталды
Алматыда Қазақ-британ техникалық университетінен өрт шықты
Шұғыл: Алматыда ҚБТУ өртеніп жатыр (ВИДЕО)
Алматыдағы ҚБТУ ғимаратынан өрт шықты
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алған (ВИДЕО)
Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамту бойынша биыл 160-тан астам жоба іске асырылады
Астанада әйелімен ренжісіп қалған ер адам көпқабатты үйдің шатырына шығып алды (ВИДЕО)
Қазақстандық спортшылар семсерлесуден Гран-приге қатысады
Ел азаматтары тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Ертең еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
«Барлығымыз Аллаға сыйынамыз ғой...»: әнші Төреғали Төреәлінің бала кездегі видеосы жарияланды
Желіде Тоқаевтың Қытайға тәжірибе алмасуға барған кезінен сурет жарияланды