Өткен жылы Шымкент қаласында 1 млрд 51 млн теңгенің өнеркәсіптік өнімі өндірілді. Құрылыс қарқын алып, 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков айтты. Ол Президентке мемлекет меншігіне қайтарылған нысандар туралы да мәлімет берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ғабит Сыздықбековке қала экономикасын одан әрі әртараптандыру, қосымша инвестиция тарту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді. Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Президентімізге қаламыздағы әуежай терминалының құрылысы бойынша, теміржол вокзалының құрылысы бойынша, басқа да әлеуметтік объектілердің құрылысы бойынша баяндадым. Президентіміз жалпы қаламыздың дамуына оң бағасын бере отырып, алдымыздағы жылға халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.