Өткен тәулікте елімізде 70 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.21 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 765 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 170 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 625 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 2 адамның жағдайы ауыр, 4 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.