Жамбыл облысы аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген 250 шетел азаматы анықталды. Арасында өз елдерінде іздеуде жүрген 8 күдікті бар. Қолға түскендер Қазақстанға жұмыс істеу үшін келгендерін айтқан. Алайда бірінің еңбек етуге рұқсат қағазы жоқ, ал кейбірі тіпті төлқұжатсыз, жеке куәліксіз жүр. Көші-қон қызметі басқармасының мамандары ұсталғандардың барлығын әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның 68-і депортацияланды. Енді заңды белден басқандар 5 жылға дейін Қазақстан аумағына аттап баса алмайды. Сонымен қатар мигранттарға құжатсыз жұмыс ұсынғандар да айыппұл арқалап жауапкершілікке тартылды.Арман ТҰРДАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 105 шетел азаматын заңсыз жұмысқа тартқаны үшін, ҚР әкімшілік коддексінің 519 бабы бойынша 40 ҚР азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 80 пайыз Өзбекстан Республикасының азаматтары және де Ресей Федерацисының және Қырғызстан республикасының азаматтары бар.

Өз елінде іздеуде жүрген 8 күдікті Жамбыл облысы аумағында заңсыз жұмыс істеген жерде ұсталды
Жаңалықтар































