"Өз еркіммен балалар үйіне кетіп қалдым". Түркістан облысында жағаұстатар жайт болды

Түркістан облысы Жетісай ауданынан Рұқсат Кенжаева бір-ақ күнде балаларын таппай қалған. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер перзенттерін өзі үйінен алып кеткен. Алайда әйелдің туған қызы басқа дерек айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұл туралы "Астарлы ақиқат" бағдарламасында айтылды. "Көрпе-төсек шашылып, жайында жатыр. Балаларды сүйреп алып кеткен. Есік ашық, сиыр үйге кіріп кеткен", - дейді ана. Көпбалалы ана бұған көршілерін кінәлайды. Ол "балаларымды бақсам да, құзырлы органдармен бірлесіп, балаларыма тыныштық берген емес" дейді."2 жылдан бері тыныштық бермеді. Бір келгенде 10 полицей келеді. Мен түзу жолда жүрсем, бала-шағама қарасам, не үшін мені қорлайды? Көршілер "шешесі кетті, балаларына қарамайды" дейді екен. Одар мені көре алмайды", - дейді ана. Перзенттерін шарқ ұрып іздеген әйел оларды Леңгірдегі балалар үйінен табады. Ананың айтуынша, баспанасы бола тұра мекемеге орналастырылған ұл-қызы қысымға ұшырап отыр. "Маған дүниенің керегі жоқ, балалар жоқ, 4 бөлмелі үй қаңырап қалды. Балаларымның қайтуын қалаймын", - дейді ана. Әйел балалары жоғалып кеткен күні төркініне кеткен. Келесі күні түстен кейін келген. Үйдің үлкені болып 15 жастағы ұлы қалған, ал кіші баласы 7 жаста. Оның айтуынша, бұл іске оның бұрынғы күйеуінің қатысы бар болуы мүмкін. Ал әйелдің көршісінің бірі жағаұстатар дерек айтты. "Бала-шағасымен мені ұрған. Ауруханада 1 апта жаттым. Осы жазда болды. Өздерінен-өздері үлкен ағашпен ұрды. Балалары мектепке бармайды. Есіктер ашық тұрса, үйге кіріп бәрін алып кетеді", - дейді көрші. Ал Жетісай аудандық әкімдік өкілдері балалардың тартып алынбас бұрын бірнеше рет ескертпе берілгенін айтты. Ал әйелдің қызы 17 жастағы Несібелі бұдан 2 жыл бұрын үйден өз еркімен кетіп қалған. "Мен өз еркіммен балалар үйіне кетіп қалдым. Маған ешкім ештеңе үйреткен жоқ, мектепке жібермейді. Балалар әріп танымайды. Анам мені оқу орнына күйеуге беремін дейтін", - дейді қыз. Рұқсат Кенжаеваның балалары 2 жыл бойы мектепке бармаған. Тіпті қайыр тілеп жүруге мәжбүр болған. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
Тоқаев "Жетісу" волейбол клубының жай-күйімен танысты
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады