«Өз күштерімен асфальт төсеп жатыр»: Атырауда жергілікті кәсіпкерлер тас жолды өздері жөндеуге мәжбүр

Әлеуметтік желілерде Атырау – Индер тас жолында жол жөндеу жұмыстары ерекше тәсілмен жүргізіліп жатқан видео тарады. Ойық-шұңқырларды жол жөндеушілер емес, қарапайым жергілікті кәсіпкерлер жөндеуге мәжбүр, деп деп хабарлайды Астана телеарнасы Ақжайық баспасына сілтеме жасап. Бұл облыстық маңызы бар жолдың сапасы көптен бері көңіл көншітпейді. Жыл өткен сайын жол тіптен нашарлап барады. Әсіресе Бөден ауылының тас жолы көлік жүргізушілерінің әбден мазасын алған. Ондағы кей шұңқырларды жүргізушілер қарапайым кірпішпен бітеген. «Барлығы бақылаудың болмауына байланысты. Алты-жеті жыл бұрын бізге осы жолды тапсырған кезде біз осы бағытта жолдың пайда болғанына өте қуанышты болдық. Бірақ Индер карьерінен Атырауға топырақ пен қиыршық тас таситын жүк көліктерінің салдарынан жол бұзылып жатыр», - дейді жергілікті тұрғындар. Жолды жөндеп жатқан жігіттер карьерден қиыршық тас пен топырақ тасымалдаушы болып шықты. Олардың айтуынша, олар өз күштерімен еш болмаса осындай уақытша жөндеу жұмыстарын жүргізуге шешім қабылдаған. Асфальт қоспасын сатып алып, жерді тегістейтін техниканы жалға алған. «Жолдың нашарлағаны рас. Мен жөндеу жқмыстарын көргенде, бұл адамдарды тоқтатқым келді, өйткені технология сақталмады. Бірақ бұл қарапайым атыраулық жүргізушілер болып шықты, олар өздері жол шұңқырларын бітеуді қолға алды және бұған облыстық автомобиль жолдары басқармасынан рұқсат алды. Жалпы, әрине, Атырау – Индер жолының сапасына бақылауды күшейту қажет, рейдтер ұйымдастырамыз», - дейді Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов. «Бұл кәсіпкерлер бізден жолды өз бетімен уақытша жөндеуге рұқсат сұрады. Біз қарсы болмадық», – дейді облыстық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиев. Сондай-ақ оның айтуынша, бұған дейін Атырау – Индер тас жолын қамтамасыз етуге 3 жылға тендер жарияланды, оған бюджеттен 269 млн теңге қарастырылған. Шұңқырларды жөндеу де сол жерге кіреді. Тендердің нәтижелері жарияланғаннан кейін аталған учаскелерге қайта жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
Илья Ильиннің әйгілі қарсыласы үшінші рет әлем чемпионы атанды
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
2025 жылы қалай киіну керек? | Сағатына 150 мың табамын | Бренд қуатын адамдар клоун - CТИЛИСТ
Ауадан жасалған «сиқырлы» материал электр көліктеріндегі өртті тоқтатады
Абай облысында өнеркәсіптік әлеует артып келеді
Екібастұздағы ауруханада зейнеткердің 13 миллион теңгесі ұрланды
Келер жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінеді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай Күләш Байсейітова шыңына шықты
Патриоттардың екі буыны Отанға адал болуға ант берді
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды
Қазақстанның екі өңірінде жол жабылды
Павлодар облысындағы алтын кенішінде ер адам қаза тапты
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті