Өз малын өзгенің қорасынан тапқан павлодарлық төрт түлігін қайтара алмай жүр

Өз малын өзгенің қорасынан тапқан павлодарлық азамат төрт түлігін қайтара алмай жүр. Чернорецк ауылының тұрғынының 10 күн бұрын 9 ірі қарасы жоғалған. Артынша, мал көрші ауылдағы бір үйдің қорасынан шығыпты. Бірақ, ауылдасы түлікті иесіне қайтармай отырған көрінеді. Неге? Ол сауалдың жауабын тілшіміз Өзгеріс Қуанар білді.Ардагелді Жанай малын қайтара алмаған соң полиция шақырады. Алайда, ауылдасы тәртіп сақшыларын да, малдың иесін де қасына жолатпай қойған. Мал керек болса, сотпен дәлелдеп алыңдар - деп жауап қатыпты. Ардагелді ЖАНАЙ, ЧЕРНОРЕЦК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сотқа дейін оны дәлелдеу үшін қаншама уақыт керек. Оған дейін ана қордағы малдарды жоғалтып жіберуі мүмкін. Сойып көзін құртып жіберуі мүмкін. Бүгінгі күннің өзінде алғызбай отырған қанды алғызып, уже сол тайыншалардың құлақтарына сырға салып тастады. Тәртіп сақшылары да малды иесіне қайтара алмаған. Себебі, бөтен біреудің қорасына баса көктеп кіруге құқығы жоқ екенін айтқан. Жанна БІЛӘЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Осы факті бойынша полицейлер өз құзыреті шегінде Павлодар ауданы бойынша ветеринариялық инспекциясына кінәлі тұлғаларды ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабының 5 және 7-бөлігімен жауапкершілікке тарту туралы хат жолдады. Сондай-ақ жергілікті атқарушы биліктің жұмысына кедергі келтірген шаруа қожалығының басшысын жауапкершілікке тарту. Амалы таусылған тұрғын мәслихат депутатының қабылдауына барды. Түйінді түйткілді шешуге көмектесуін сұрап, өтініш қалдырған. Асылбек ТУҒАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Осы 4-5 күннің айналасында ештеңе шешілмеген. Сондықтан, «Аманат» партиясына жүгініп отыр. Біз өз тарапымыздан осы мәселеге байланысты ат салысып, мәселенің толық шешілуіне көмектесетін боламыз. Малды қайтармай отырған тұрғынға да хабарластық. Алайда, ол ешкімнің төрт түлігін ұрламағанын айтады. Наталья КУЗЬМЕНКО, НАБЕРЕЖНАЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ветеринар келіп, малды санап түгендеді. Менде артық мал шыққан жоқ. Олар малын менің қорамнан емес, басқа жерден іздесін. Мен ешкімнің малын ұрлаған жоқпын. Полиция департаменті малды тек сот арқылы дәлелдеп, қайтарып алуға болатынын айтады. Алайда, зардап шегуші оған дейін малын сойып тастай ма деп алаңдап отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Жеңімпаз атанған 100-ден астам спортшы Париж Олимпиадасы медалін қайтарып берді
Алакөлде жеңіл көлік мінген ер адам қар құрсауында қалып қойған
“Жылқыңды сатып беремін“. Ақмола облысында ер адам алаяққа алданған
Құрамында никотині бар вейпті дайындап сатқан адам сотталды
Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселесі кеңінен талқыланды
Криминалистер бір жылда 50 мыңнан аса тексеріс жүргізген
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Tele2 мен Altel Қатар еліне сатылды
«Бастысы, қателеспеу керек»: Айгүл Иманбаева 2025 жыл несімен ерекше болатынын айтты
«Қызымның шашын қырып тастаған»: Блогер ата-анасының ақылсыздығын айтып, еңіреп жылады (ВИДЕО)
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын өлтірген үш оқушы сотталды
Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды
Кастет те суық қару
«Маскаң шешіледі...»: әнші Қарақат Әбілдина Қажылыққа барғандағы әсері жайлы айтты
Енді валюта айырбастау орындары ойына келген бағасын қоя алмайды
Химиялық зат тасымалдап келе жатқан жүк көлігі жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады
Лос-Анджелестегі алапат өрттен Голливудтың атақты актрисасы тірідей жанып кетті
Қысқы универсиада: Ел қоржынына алғашқы алтын түсті
Адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдікті ұсталды
Алматы әлемдегі ең лас 126 мегаполистің ішінде бірінші орында тұр
Өскемен тұрғыны дүкенде жалған ақшамен төлем жасаған