1 желтоқсанда Қаратау ауданының полиция басқармасына 102 арнасы арқылы жергілікті тұрғын өз пәтерінде ұлының мәйітін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы мойын аймағында кесіліп-тесілген жарақатымен 28 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Жайт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабымен “адам өлтіру” қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен ауыр қылмысты жасаған кінәлі тұлғаны анықтап, ұстауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде.