"Өз төрінде еркелей берсін": қызы жайлы айтқан Нұрлан Албан көзіне жас алды

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Албан екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Өнер иесі "БазарLike" бағдарламасында кенже қызы жайлы айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Менің Құдай берген екі ұл, бір қызым бар. Ошақтың үш бұрышы сияқты үш түйір ғана өзі. Қызым менің барым. Қыздың шаңыраққа ерекше құт, қуаныш, береке алып келетінін мен қызымнан ғана білдім. Қызым болмағанда, мен қыздың қадірін түсінбей кетер ме едім? Сондықтан қазақта "қыз - кие, әулие" деп бекер айтпаса керек. Сол киенің, әулиеліктің ұшқыны менің қызымда бар. Қызым ақылсыз емес. Қызым іштей "Әкем, еркелетсе екен" деп қалап тұрады. Мен оны жүрісінен, ісінен білемін. Тілегеннен сұраған дейді ғой. Мен де сол тетігін баса қоямын. Ол назданса, еркелесе, бірнәрсе өтінсе, бүкіл дүниені ұмыта қоям. Екі ағасынан кейін үйдің кішісі ғой. Сол қызға менің анамның ернінің табы тиген. Анам кейбір кезде жасына қарамай мені еркелететін. Сол анамның кейбір қылығын қызымнан табамын. Мен ауырып қалсам, жасына қарамай, мені еркелететін. Кішкентайында "Әкем менің аққуым" дейтін", - деді Нұрлан Албан.Сонымен қатар әнші қызының биыл 12 жасқа толатынын, алайда әлі еркелігі қалмағанын атап өтті. "Биыл 12-ге келеді. Ақыл кіріп қалды, қыз болып келе жатыр. Бірақ еркелегі қалатын емес. Лайым осы қыздың еркелігі таусылмасыншы. Өзі тұрмысқа шығатын кезде ақылы болса, еркелігін сап тыяды. Өз босағасында отырғанда, өз төрінде отырғанда еркелей берсінші. Құдай маған сол қызымды еркелететіндей күш-қуат беріп, ырыс-несібемді үзбесін деп тілеймін", -деді Нұрлан Албан.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды