Өзбекстан Газа секторының тұрғындарына көмек ретінде $1,5 млн бөледі

Өзбекстан Газа секторының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігіне 1,5 миллион доллар бөледі. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев күз-қыс маусымдарына энергетикалық жүйені дайындау мәселелері талқыланған кеңесте мәлім етті.Өзбекстан басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Шавкат Мирзиёев кеңестің басында бүкіл әлемді алаңдатқан мәселеге тоқталды. «Өздеріңіз білетіндей, Израиль әскері мен ХАМАС қозғалысы арасындағы қарулы қақтығыстар гуманитарлық дағдарысты еселей түсті. Сондай-ақ бейбіт, жазықсыз халық құрбан болып жатыр. Балалар мен әйелдер қаза тауып, адамдар панасынан айырылды, туған үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып жатыр. Біз Палестина мен Израиль тараптарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Мен Газа секторының тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсету үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Таяу Шығыс агенттігіне 1 миллион 500 мың доллар бөлу туралы шешім қабылдадым. Біз Палестина халқының БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің бұрын қабылданған қарарларына сәйкес, оның тәуелсіз мемлекет құру құқығын қолдаймыз», - деді Өзбекстан президенті. Шавкат Мирзиёев екі тарапты қақтығыс қимылдарын тоқтатуға және жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды