Орталық сайлау комиссиясы Өзбекстан президенттігіне төрт үміткерді тіркеп, 7 маусымнан бастап сайлау науқаны басталғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.Өзбекстанда президент сайлауы 9 шілдеде өтеді, деп жазды Газета.uz басылымы. Тіркелген үміткерлер: Халықтық-демократиялық партиядан – Ұлықбек Иноятов; Кәсіпкерлер мен іскер адамдар қозғалысы – Либералдық-демократиялық партиядан (УзЛиДеП) – Шавкат Мирзиёев; "Адолат" социал-демократиялық партиясынан – Робахон Махмудова; Экологиялық партиядан – Абдушүкүр Хамзаев. "Миллий тикланиш" партиясы кандидат ұсынбады, бірақ УзЛиДеП партиясынан Шавкат Мирзиеевтің кандидатурасын қолдады. 31 мамыр мен 2 маусым аралығында ОСК сараптамалық топтары партиялар ұсынған кандидаттарды қолдауға арналған қол қою парақтарын тексерді.