Өзбекстан Шардара маңынан АЭС салса, Қазақстанмен ақылдасуы керек – Экология министрі

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз конференциясында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Өзбекстанның Шарадара су қоймасының маңындағы көлде атом электр стансасын салу жобасы туралы пікір білдірді.Министрдің айтуынша, Ташкенттен әлі ресми сауал түспеген. Бірақ көршілес ел ретінде Астананың келісімін алуға міндетті. «Жалпы атом электр стансаларын салу бойынша олар да әр түрлі мүмкіндіктерді қарастырып жатыр. Бірақ олар ресми түрде мынау шекаралас мемлекеттермен міндетті түрде хат жолдап, болмаса мұны бізбен ақылдасады. Біз де өткенде қарастырдық қой, сол сияқты нақты шешім қабылданды деп айтуға болмайды. Сол сияқты біздің Балқаштың түбінде АЭС салу керек деген шешім де қабылданған жоқ. Тіпті салына ма, деген мәселе тұр әлі. Өздеріңіз білесіздер, қоғамда бұл атом электр стансасы жөнінде түрлі пікір туындап жатыр. Сол себепті бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген», - деді министр. Оның айтуынша, Өзбекстан қарастырып жатқан нұсқалардың ішінде Сырдария бойынан АЭС салу ұсынысы да бар. «Менің білуімше, олар да жан-жақты қарап жатыр. Су керек оған. Сырдарияның бойынан дейді, одан-бұдан дейді. Бірақ нақты шешім жоқ. Олар ізденіп жатыр. Оның бәріне тиісті мамандар баға береді Ол қандай электр стансасы болады, оның буыны қандай болады, екінші ме үшінші ме, төртінші ме... Оған жауап беретін мен маман емеспін. Сол себептен мамандар жауап береді. Ал техникалық шешімдері жағы біздің министрліктің құзыретінде емес. Техникалық шешім қабылданғаннан кейін ғана біз оларды өзіміздің заңға сәйкестендіріп қараймыз. Өкінішке қарай, әзірше оған ешқандай жауап бере алмаймыз», - деген министр өз пікірін білдіруден тартынып қалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды