Өзбекстанда электронды темекіні импорттауға және өндіруге тыйым салу ұсынылды

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі елге электронды темекіні әкелуге және сатуға тыйым салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.Ведомствоның мәліметінше, 2021-2023 жылдары Өзбекстанға заңды түрде 28,5 млн долларға бағаланған 5,4 млн дана электронды темекі әкелінген. Сонымен қатар осы аралықта құны 11,8 млрд сум болатын темекі бұйымдарын заңсыз импорттау фактілері тіркелді. Мониторинг көрсеткендей, Өзбекстанда жастар электронды темекіні ересектерге қарағанда үш есе көп пайдаланады. Негізінен оны шегуге мектеп оқушылары бейім келеді: 26,6 мың ұл және 8,6 мың қыз. Министрліктен мәлім еткендей, егер бұған қарсы шара қолданылмаса, болашақта әрбір бесінші өзбекстандық никотинге тәуелділіктен зардап шегеді. Осыған байланысты ведомство республика аумағында электронды темекіні әкелуге және өндіруге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірлеп, оны ашық талқылауға шығарды. Енді аталған бағыттағы құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік белгіленбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды
Әлемде 473 миллион бала қақтығыс аймақтарында өмір сүріп жатыр – ЮНИСЕФ
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Мерейтойға барған»: Ұшақ апатынан бір отбасының 9 адамы ажал құшты
Құтқарушылар қар құрсауында қалған 5 адамды тапты
Маңғыстаулықтар Қырғызстан азаматтарын еліне шығарып салды
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев ұшақ апаты кезінде адамдарды құтқарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты
Еліміздің үш облысында жол жабылды
Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе кемесінің қара жәшігі Бразилияға жіберілетін болды