Өзбекстанда жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін түнгі уақытта сары кеудеше кию міндеті енгізіледі.Жарық шағылыстырғыш кеудешені мектеп оқушылары, велосипед жолымен жүретін адамдар және жаяу жүргіншілер киюі керек, деп жзды УзА. Өзбекстан ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының баспасөз хатшысы Мұзифа Сұлтанова мектеп оқушылары жарық шағылыстырғыш кеудешелермен демеушілер қамтамасыз ететінін атап өтті. Олий Мажлистің заң шығару палатасының бұрынғы депутаты Расул Көшербаев бұл кеудешелерді белгілі бір компания шығара бастаған деп санайды. Енді сатылымды арттыру үшін осындай ереже енгізуді көздеп отыр. Айта кетерлігі, кеудеше кимегендер айыппұл төлейді.