Өзбекстанда 80 метрлік шаурма әзірленді, бұл тағамның салмағы 160 келі тартты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz.Podrobno.uz мәліметінше, тағамды Наурыз мерекесіне орай Наманганда пісірген. Оны даярлауға 100 аспазшы бірігіпті. Сөйтіп бір шаурмаға 80 келі ет, 40 келі қызанақ пен қияр, 15 келі қуырылған картоп және 20 литр тұздық кеткен екен.Осылайша, намангандықтар 31,5 мертлік лаваш пісірген Ташкент аспаздарынан асып түсті. Әлемдегі ең үлкен шаурманы Анкаралда пісірген екен. Түркиялық 10 аспаз 1 тонна 198 келілік донерді жасаған еді. Ұзындығын айтпағанда биіктігінің өзі 2 метр 60 сантиметр болған шаурмаға жеті сиырдың еті кеткен.