Ташкент облысында ВАЗ-2101 көлігін айдап кеткен ұрлықшы көлікті ұнатпай, металл қабылдайтын жерге сатып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.31 наурызға қараған түні белгісіз біреу Юкоришыршық ауданының 69 жастағы тұрғынына тиесілі "ВАЗ-2101" автокөлігін айдап кеткен. Үйдің жанында тұрған көліктің есігі ашық, кілті ішінде болған, деп жазды "Подробно" басылымы. Полицейлер күдіктіні анықтады, 20 жастағы күдікті қамауға алынды. Полицияның мәліметінше, ол нөмірді шешіп, көлікті 2 миллион сумға (79 500 теңге) металл түрінде сатқан. Тексеру кезінде көлік бөлшектелген күйде табылды.