"Өздеріне қажет кадрларды кесіп алған": Қызылорда облысының әкімі даулы видеоға қатысты пікір білдірді

ОКҚ-да өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев әлеуметтік желіде тарап кеткен өзіне қатысты видеоға пікір білдірді. Видеода әкім облыс аудандарының бірінде тұрғындарға пәтер кілтін жақтырмағандай кейіпте тапсырып жатқаны көрсетілген. Бұл видеодағы әрекетін әкімнен журналистер сұраған. Видеодағы әкімнің жақтырмай кілт тапсырған әрекеті халыққа жағымсыз әсер қалдырған. Журналистер Нәлібаевтан жағдайға қатысты ойын айтуды сұрады. Қызылорда облысының әкімі бұған жауап ретінде облыс орталығында ғана емес, аудандарда да үйлер салынып жатқанын айтты. "Алғашқылардың қатарында Арал ауданында салынып жатқан үйлер бар. Онда 100 отбасына баспана кілтін табыстадым. Бұл - сол кезде болған жағдай. Негізінде ондай факт (жақтырмау – ред.ескертпесі) болған жоқ. Кеше баспасөз қызметінің басшысы маған бұл видеоны шығарған адамдар өз рейтингін көтеру үшін оны монтаждап, жылдамдатып, өзіне қажетті кадрларды ғана кесіп алған. Баспасөз қызметі бұл адамдар өз кінәсын мойындағанын, түсініктеме бергенін жеткізді", - деді Нәлібаев. Оның айтуынша, сол шараның толық видеосын Қызылорда облысы әкімдігінің сайтынан көруге болады. "Баспана кілтін ақсақалдар да табыстады. Кадрдан қыздың шыққанын көруге болады, ардагерге кілтті апарсын деп қолыммен көрсеттім, бірақ ол түсінбеді. Күн суық болды. Сөйтіп, кілтті өзім алып бердім", - деді Нәлібаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында екінші алтын алды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды