Танымал актриса, блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жасы өзінен кіші жігітке тұрмысқа шыққанның қиыншылықтарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның айутынша, жолдасы Арсен Акиевпен отау құрғаннан соң алғашында екеуіне де қатты қиын болған. "Негізі мен көпшілікке көкбет, өте нашар әйел болып көрінемін. Мүмкін ол рас шығар, өйткені ең басында Арсен екеуміз отбасы құрған кезде мен 27 жаста болдым. Өзім би, өзім қожа болып үйреніп қалған адаммын. Жас күйеуді тыңдағың келмейді, ол жас күйеудің қырсық мінезі бар. Екеуміз бір-бірімізді тыңдағыңыз келмей, біраз күйдіргенбіз. Мен оны тыңдағым келмейтін, ал ол мені тыңдатқысы келетін. Ол қырсық, тұйық болды, танымайтын адамдарға ашыла бермейтін, ал мен керісінше, көпшіл едім. Алғашында қатты қиналдық, мен "неге тұрмысқа шықтым?" деп өкіндім. Бірақ, мен қазір бір нәрсені түйдім, 6 жылдық отбасылық өмірде менің түсінгенім - мың жерден мықты әйел болсаң да, сұмдық ақша тауып отырсаң да, күйеуіңді сыйламай, одан бір саты төмен тұрмасаң, ешнәрсенің пайдасы болмайды. Тапқан ақшаң мен отбасының берекі қашып, шырқы бұзылады. Кез келген мәселенің шешімі бар", - деді актриса.