"Өзім салған ақшамды қайтарып алдым". Дархан Жолшыбек Садрадиннің концерті қалай ұйымдастырылғанын айтты

Блогер, продюсер Дархан Жолшыбеков "Өзіміз ғой" бағдарламасында Садрадиннің концертіндегі қателіктер мен ұйымдастырылуы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның айтуынша, концерт өткізетін кезде ешқайсысы ақшаны ойламаған."Садраддиннің концерті туралы бір-екі қате ақпарат тарап кетті. Негізі бұл концерт тегін болу керек еді. Яғни, Садраддиннің алғашқы концерті деп ауқымды етіп ойластырғанбыз. Бірақ мұндайдың біздің қолымыздан келмейтінін түсіндік. Себебі, ашық алаңда 100 мың адам қиындырдық тудыратын болды. Бірақ әуел бастан біз ақшаны ойламадық. Адамның жиналмауы, концерт билетінің өтпеуі деген бізге қызық емес болды. Ойлана келе, концерттің барлық стандартты талабына сай жасайық деп шештік", - деді Дархан.Сондай-ақ, ол Садраддинге ақша бермегенін атап өтті."Көпшілігі "Міне, Садраддин, мынау 70 млн теңге, сен концертіңді істе" деген сияқты деп ойлайды. Негізі олай емес.  Садраддинге, қасында жүрген адамдардың ешқайсысына ақша берген жоқпын. Маған "сахна құрып жатырмыз", "жарық қойып жатыр". "Мынаған ақша керек" деген сияқты айтып отырды. Мен соған ақша жіберіп отырдым. Садраддин мұны өзі де істей алатын қаражаты бар еді. Бірақ бұл әуелгіде менің идеям болғандықтан, өзім жасайын деп шештім. Садраддинге "ақшаны ойлама, концертіңе дайындал" дедім. Себебі оркестрмен жанды дауыста ән айту оңай емес. Сенесіз бе, концерт бірінші аптада ақшасын шығарып қойды. Барлығы өткен соң өзім салған ақшамды қайтарып алдым. Үстінен бір тиын да алмадым. Себебі маған ақша керек емес. Жалпы Садраддиннің ақшаға қатысы жоқ. Оның анасы қаржылық мәселесінің барлығын шешіп отырады", - деді ол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екібастұзда ауруханада жатқан келіншек зейнеткердің 13 млн теңгесін ұрлап алған
Бірінші арна кубогы: Қазақстан хоккей құрамасы Ресейден жеңілді
Атырау облысында спорт мектебінің бас есепшісі 55,3 млн теңгені заңсыз аударған
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы