Белгілі актриса Жәнел Мақажан пен актер Абай Асылхан ата-ана атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.“Босанғалы жатырмыз. Біз үшін дұғада болыңыздаршы”, – деп жазды Абай Асылхан.Жарын перзентханаға алып бара жатып Абай Асылхан қызық оқиғамен бөілсті. “Жәнелді маникюр, педикюр жасап отырған жерінен алып кеттім. Үйде жататын адамсың ғой. Ұйықтап жатқан жерімнен тұрғызып алды”, – дейді актер күліп. Араға уақыт салып Абай Асылхан жарының босанғанын айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті. “Далаға шығып, таза ауа жұтып отырмын. Бүгінгі күн қарбаласпен өтті. Өзім туғандай болдым. Өйткені, әйелім босанған кезде жанында болдым. Жанельдің де, баланың да жағдайы жақсы. Құттықтап жатқан достарым, бауырларыма рахмет. Сіздерге де осындай бақытты нәсіп етсін. Барлық жаңалықтан хабардар етіп отырамыз”, – дейді Абай Асылхан.