"Өзіме қол жұмсаймын деген ойлар кетті". Танымал блогер 16 жас кіші жігітке ғашық болғанын айтты

Танымал сценарист, блогер Перизат Мырзахмет Mom'sкий әңгімеде он алты жас кіші жігітке қалай ғашық болғаны туралы әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.Блогердің сөзінше, сүйген адамын ажырасқан соң кездестірген."16 жас. Басымнан өтті. Отбасында болып, ажыраспай тұрып, біреуді сүйіп қалсам, қандай жағдай болар еді? Ажырастым деп шешім қабылдап, үйден күйеуім кеткеннен кейін ол адамды алты күннен кейін кездестірдім. Бірден бізде байланыс, химия пайда болды. Біреулер "махаббатқа шөлдеп жүргендіктен, махаббат деп ойладың" деуі мүмкін. Жоқ, ол мүлде басқаша болды. Күйеуіме дейін де қарым-қатынастар болған. Оларды да мен махаббат деп ойлағанмын. Мына сезімнің қасында ойнамай қалды. Өмірімдегі ең үлкен махаббатты сол кезде кездестірдім. Саналы түрде сүйген адамым", - деді Перизат Мырзахмет.Перизаттың айтуынша, екіге кеткен соң күйзеліске түскен."Өмірімде бірінші көмекке мұқтаж болдым. Қыздарға "көмек керек" деп жаздым. Екі апта үйден шықпай жатып қалдым. ...Зорлап психологқа апарды. Жанна Сейітқалиева - графигі өте тығыз адам. Қыздарым жүгіріп жүріп, "Перизатты қабылдауыңыз керек" деп, үйінде түнгі сағат 11-де қабылдады. Сол кісінің 4 сеансын өткеннен кейін өз-өзіме келдім. Ол кісінің бір-ақ сөзі қатты өтті: сүйген адамыңмен ажырасуменен ажал екеуі бір-ақ нәрсе. Құдай адамды өміріңнен алып кетті. Сен өлімді қалай қабылдайсың, әрі қарай шешім жоқ, өмір сүруің керек. Ажырасу да тура солай, әрі қарай өмір сүруің керек. Екінші кезекте көмектескен балам болды. Кітапта да мен оны суреттеп жаздым. Өзіме қол жұмсаймын деген ойлар кетті. Мен қазір өліп қалсам, тағы бір бақытсыз адамды қалдырып кетемін. Ол болмайды. Қайтсем де баламды өсіруім керек, дұрыс тәрбиелеуім керек, бақытты қылуға тырысуым керек. Менің қазіргі миссиям - сол", - дейді блогер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істемей қалды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды