"Өзімнен айнымайтын қара бала". Серікзат Дүйсенғазы өмірге келген ұлы туралы айтты

Серікзат Дүйсенғазы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында ұлды болғанын айтып, қандай сезімде екенін бөлісті,  - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Ақынның сөзінше, дүниеге келген ұлы марқұм баласы Әлиханның ізін жалғап, дүниеге келген."Көңіл күй керемет. Бұрын ұлым да болды, қызым да болды. Ол кезде бірыңғай шаттанып жүргенбіз. Мына жағдай кішкене ойландырады. Себебі Әлихан, марқұм баламыз кетіп қалуы, соның орнына мына баланың келуі, араға бір 10 айдай, 9 айдай уақыт салып. Қаңтарда Әлихан кетті. Мінекей, қазанның басында мына баламыз келіп жатыр. Құдайдың құдіреті, бір тылсым бар екенін мұсылман болған соң білеміз ғой. Жаратушыға сансыз шүкірліктер болсын. Жеңгелеріңіздің жағдайы жақсы. Бүгін бардым. Баламды көрдім. Өзімнен айнымайтын қара бала. Маған ұқсайды. Балаларымның бәрі өзіме ұқсайды. Әлихан да дәл солай дүниеге келген. Әлиханның өмірге келген кезінде айтыс болып жатқан. Бүгін Қызылордадан бір топ ақын келді құттықтау айтып. Ішінде Шиеліден Кенжебай Жүсіпов ағамыз, Серік Ыдырысов бар. Әлихан туған кезде де тура сол Кенжебай аға келген. ...Бұл баламыздың ғұмыры ұзақ болсын", - дейді ол.Серікзат Дүйсенғазы баласының есімін қалай қоятынын да айтты."Әлиханның есімін академик Рымғали Нұрғали аға қойған. Балаға бір жақсы есім қоямыз, Құдай қаласа. Әлиханның ізбасары ғой. Әлиханның ізбасары болатындай Әлиханның ізін жалғаған қайраткерлердің есімін қоятын шығармыз деп топшылап отырмын. Ағайын-туысқандармен, отбасыммен ақылдасып жатырмыз. Бүгін есім қоюға мұршам болған жоқ. ...Бүгін болады деп ойлаған жоқпын. Уақыт созылады деп жүргенбіз. Аяқ астынан болып кеткенде, абдырап қалады екенсің. Басында ер азамат болсақ та, көз жасымызға ерік беріп қалдық. Әлиханды жоғалтып жүрген кездегі көңіл күйімді ешкімнің басына бермесін", - дейді ақын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы