Атырауда суға кете жаздаған баланың анасы мектепке арнайы келіп, кішкентай батыр, ұлының досы Дінмұхамед Жаңбырбайға алғыс айтты. Былтыр желтоқсан айында Жайық өзенінде ойнап жүрген үш баланың екеуі суға түсіп кетіп, оларды 3 сыныпта оқитын Дінмұхамед құтқарып қалған. Үсті-басы малмандай су болып келген балама қосылып жылап, көпке дейін ес жия алмадық дейді Шаттық Сисенғалиева. Кіші болса да, өзінен 6 жас үлкен балаға өмірін қатерге тіге отырып көмектесу екінің бірінің қолынан келе бермейтін батылдық екенін айтады.Шаттық СИСЕНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ата-ана үшін бірінші байлық – бала. Менің баламды Дінмұхаммед құтқарады. Дінмұхамедке рахметімді айтамын. Алғыс айтамын, сабағын 5-ке оқысын, дені сау болсын. Ата-ана алдында күліп, ойнап жүре берсін.