Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанел Мақажан қазақы нақышта гендер-пати ұйымдастырып, баланың жынысын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Ерлі-зайыпты жақын достарының басын қосып, ерекше стильде гендер-пати жасады. Баланың жынысы белгілі болмай тұрып жұлдызды жұп өздерінің болжамын айтты. Жәнелдің айтуынша, түс көргенін айтып, қыз екеніне сенімді болған. Алайда кейбір белгілер дүниеге келетін сәбидің ұл екенін білдірген. Актриса екі ойлы болғанын жасырмады. Ал актер Абай Асылхан бұрымдының әкесі болатынына сенімді екенін айтты. Жиын барысында қазақтың екі батыры үлкен сандықты көтеріп, ортаға қояды. Сандықтың ішінен шағын қоржын, қоржыннан сәбидің жынысы жасырылған қобдиша шықты. Ерлі-зайыпты қыздың шашбауын көргенде толқығаннан көз жасына ерік берді.“Қыз деп айттым ғой. Жүрегім сезді. Жүрегім қатты толқып тұр”, – деп әсерімен бөлісті Абай Асылхан. “Қыз ба, ұл ма деп көп ойладық. Баланың жынысын анықтайтын білетін уақыт келді. Сүйінші! Біз сені күтеміз, балапан”, – деп жазды Жәнел Мақажан.