Кветта қаласының маңындағы (Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясы) шахтада метаннан улану салдарынан 11 кенші қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап «Ховар» агенттігі жазды.«Метанның жиналуы адамдардың өліміне әкелді», – деді Белуджистан провинциясы үкіметінің шахталардың бас инспекторы Абдул Гани Какар.Кеншілер шамамен 450 м тереңдікте жұмыс істеген. Ал құтқару топтары бірнеше сағаттық жұмыстан кейін олардың денесін алып шықты.Бас шахта инспекторы апаттың себебін анықтау үшін тергеу жүргізілетінін қоса кетті,-деп хабарлайды KAZINFORM.