Пәкістанда автобус апатынан кем дегенде 28 адам қаза тауып, 20-ға жуық адам жарақат алды. Бұл туралы «The Daily Pakistan» газетіне сілтеп жасап КАZINFORM хабарлады.Анықталғандай, автобус Гвадардан Кветтаға бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша, жол жүру кезінде доңғалақтарының бірі жарылып, жүргізуші автобусты басқара алмай қалған. Автобус қатты жылдамдықпен келе жатып, жолдан шығып кеткен және сайға құлаған.Жергілікті БАҚ жартас түбіндегі автобус қалдықтарын көрінетін суреттерді жариялады. Полиция автобус жүргізушісі қаза тапқанын айтты.Қазір төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнында, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.