Навабшах қаласы маңында Hazara Expressi жолаушылар пойызының 10 вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.Пәкістанның Навабшах қаласы маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 22 адам мерт болды, 50 адам дене жарақатын алды, деп хабарлады теміржол министрі Хаваджа Саад Рафик. Оның сөзінше, Карачиден Равалпинди қаласына бағыт алған Hazara Expressi пойызының 10 вагоны Новабшах қаласы маңында рельстен шығып кетті. Министрдің сөзінше, жол апаты техникалық ақаудан немесе астыртын әрекеттің салдарынан болуы ықтимал. Оқиға орнында 22 адмның денесі табылып, жарақат алған 50 адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Мерт болғандар санының артуы мүмкін. 2021 жылдың шілдесінде Пәкістанда екі пойыздың соқтығысуы салдарынан 63 адам мерт болды.