Палестинаның Газа қаласында 20 ғасыр бұрынғы тас табыт табылды. Археологтар ол Рим дәуіріне тиесілі дейді.Зерттеушілер жалпы 125 ежелгі зиратты ашып көрген. Арада 2 мың жыл өтсе де, қабірдегі адам сүйектері сол күйі сақталыпты, деп жазады Хабар 24 арнасы. Қаңқалардың жанынан түрлі құрал-сайман мен тұрмыстық заттар да анықталды. Мамандар сол кезеңде 4 түрлі жерлеу дәстүрі болғанын айтады. Жерленгендердің көбі жасы 50-ден асып, қайтыс болған. Пайдаланған заттарына қарап, олардың тұрмысының жақсы болғанын байқаймыз. Қабірде ер-әйелмен қатар балалар да жерленген,-дейді археолог Фадель әл-Отул.