Лай көшкінінен $128 млн шығын келді Папуа-Жаңа Гвинеяда лай көшкіні құрбандарының саны 2 мыңнан асты. 70 мың тұрғыны бар Энга провинциясының табиғат апатынан кейін түгі қалмаған. Аймаққа келген шығын 128 млн АҚШ долларын құрайды. Премьер-министр Джеймс Марапе Парламент палатасының кезекті жиынында осылай деп мәлімдеді. Ол елдегі ахуалды бұрын-соңды болмаған «алапат дағдарысқа» теңеп, үкіметтен аймақты қайта қалпына келтіру үшін жедел көмек көрсетуін сұрады. Қазір өңірде іздеу-құтқару бригадасы тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін ұлттық апаттар орталығы БҰҰ-ын шұғыл қолдау көрсетуге шақырды,- деп хабарлайды 24.kz.