Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Паразиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қазақстандық Жалғас Тайкенов каноэде есуден 43,369 секунд нәтижесін көрсетіп, Азия пара ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ Бибарыс Спатай да каноэде есуден екінші орынды иеленіп, ел қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды. Айта кетейік, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Азия пара ойындарында ел намысын 131 атлет қорғауда. Олар 14 спорт түрінен 485 медаль үшін таласады. Қазақстан құрамасы 2010 жылдан бері Азияның пара ойындарына төртінші рет қатысуда.