Париж-2024: ХVII жазғы Паралимпида ойындарына 145 күн қалды

Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен жиын өткізді.ҚР туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, кездесуде ұлттық құрама спортшыларының қазіргі жағдайы, делегацияның жоспарлы құрамын қарау, қаржыландыру мен басқа ақпараттық ұйымдастырушылық дайындық мәселелері талқыланды. «Қазіргі таңда Паралимпиада ойындарына дейін пысықтайтын мәселелер көп. Дегенмен атқарылып жатқан дайындық жұмыстары да аз емес. Параспортшыларымызға лайықты көңіл бөлініп, жан-жақты жағдайлар жасалып жатыр. Штаб параспортшыларға барынша қолдау көрсетіп, ұйымдастырушылық жұмыстарын жалғастыруда», - деді штаб басшысы Елсияр Қанағатов.Айта кетсек, ХVII жазғы Паралимпиада ойындары биыл 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Франция астанасы Парижде өтеді. Жарысқа әлемнің 184 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысып, 22 спорт түрінен 549 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр. Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды: отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты